
ГАННОВЕР, 2022 жылғы 30 мамыр – Төменгі Саксония федералдық жеріне жұмыс сапары шеңберінде ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Ганновер өнеркәсіптік жәрмеңке-көрмесінің ашылуына құрметті қонақ ретінде қатысты. Дипломатиялық өкілдіктің басшысы сондай-ақ «Schaeffler» компаниясының Басқарма төрағасы Клаус Розенфельдпен, «Robert Bosch GmbH» компаниясының Басқарма мүшесі және «Bosch Rexroth» Бас директоры Рольф Найоркпен, «Siemens Energy» компаниясының вице-президенті Кай Оливер Кёльмелмен, сондай-ақ «AEON Robotics GmbH» компаниясының негізін қалаушы және басқарушы директоры Ларс Хайммен кездесулер өткізді.
Коронавирустық пандемиядан кейін алғаш рет өткен көрменің ашылу салтанатында Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц, Федералдық Білім және ғылыми зерттеулер министрі Беттина Штарк-Ватцингер, Ганновер қаласының бургомистрі Белит Онай, Машина жасау өнеркәсібі қауымдастығының (VDMA) президенті Карл Хаусген сөз сөйледі. Спикерлер өз сөздерінде коронавирустық пандемия мен Украинадағы қақтығысқа байланысты дағдарыстың экономикалық салдарын азайтуға ерекше назар аударды. Олар сондай-ақ климатты қорғау, энергия көздерін әртараптандыру және елдер арасындағы саудадағы кедергілерді жою бойынша жедел шаралар қабылдауды қолдады. Бұл жолы іс-шараның қонақ елі Португалия болды. Көрменің ашылуында Португалия Республикасының Премьер-министрі Антониу Кошта сөз сөйлеп, неміс бизнесін ел экономикасына көбірек инвестиция салуға шақырды.
Көрме аясында Елші «Bosch Rexroth», «Aeon Robotics GmbH» және «Siemens Energy AG» компанияларының текшелеріне барып кездесулер өткізді. Кездесу барысында Дәурен Қазақстан басшылығының әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі шаралары туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ Қазақстанның жаңа Үкіметінің алдына елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруды қамтамасыз ету болып табылатын Инвестициялық саясат тұжырымдамасын әзірлеу бойынша міндет қойылғанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Герман тарапының өкілдері ел Үкіметінің кешенді шараларын оң қабылдады. Қазақстан туралы инвестициялар мен жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін тартымды ел ретінде айтты. Сондай-ақ, ҚР аумағында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерттеуге қызығушылық білдірді.
«Schaefler» автомобиль және машина жасау салалары үшін компоненттердің ірі әлемдік өндірушісі болып табылады. «Bosch Rexroth» «Robert Bosch GmbH» компаниясының еншілес кәсіпорны және жетек және басқару техникасының жетекші өндірушісі болып табылады.
«Siemens Energy» - электр жабдықтары мен энергетикалық технологиялар өндірісі саласындағы әлемдік көшбасшы. Өз кезегінде, «Aeon Robotics GmbH» компаниясы өнеркәсіптік автоматтандыруға арналған жабдықтарды өндіруге маманданған.