
БЕРЛИН, 2022 жылғы 27 мамыр – бүгін Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «WOSTOK» басылымының редакторы, Орталық Азия бойынша сарапшысы Бритта Волленвеберге «ҚР Тәуелсіздігінің
30-жылдығы» медалін салтанатты түрде табыс етті.
Б.Волленвебер 1955 жылы Кеңес Одағының тарихы, саясаты, мәдениеті, ғылыми әдебиеті мен әдебиеті туралы жариялайтын жаршысы ретінде құрылған «WOSTOK Verlag» баспасының редакторы болып табылады. 1992 жылдан бастап тоқсан сайын бастырып шығарылатын «Wostok» журналы посткеңестік мемлекеттерінің және оның қоғамының дамуына қатысты өзекті мәселелерге арналған мақалаларды жариялап келеді.
Қазақстан бойынша сарапшы бола отырып, Б.Волленвебер Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға, Қазақстанның тарихын, мәдениетін және дәстүрін Германияда кеңінен насихаттауға көп жылдар бойы зор үлес қосуда. Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі «WOSTOK Verlag» баспасымен бірлесіп жыл сайын мемлекетіміздің өзекті саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары, аймақтық әлеуеті және инвестициялық мүмкіндіктері бар «Kasachstan: Daten und Fakten» атты неміс тіліндегі анықтамалықты басып шығарады. Ал қоғам, мәдениет, өнер және тарих туралы бөлімдер оқырмандарға Қазақстанның мәдениеті мен туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндік береді.