Қазақстанның Германиядағы тұңғыш Құрметті консулы ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған медалімен марапатталды

Қазақстанның Германиядағы тұңғыш Құрметті консулы ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған медалімен марапатталды

БЕРЛИН, 2022 жылғы 18 мамыр – бүгін салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Қазақстанның бұрынғы тұңғыш Құрметті консулы доктор Дитер Киндерманн мырзаға «ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығы» медалін табыс етті.

Д.Киндерманн Германияның шағын және орта кәсіпорындары федералдық қауымдастығының Президенттік консультативтік кеңесінің төрағасы, Абай ұлттық университетінің құрметті докторы, Неміс журналистер қауымдастығының мүшесі, сондай-ақ Inter-National Children Help e.V. халықаралық қорының президенті болып табылады.

Д.Киндерманн Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға зор үлес қосуда.

Неміс кәсіпкері өз тарапынан медаль үшін алғысын білдіріп және екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту бойынша іс-жігерін салуға дайын екенін жеткізді.