ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Халықаралық парламенттік стипендия (IPS) иелерімен кездесті

ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Халықаралық парламенттік стипендия (IPS) иелерімен кездесті

БЕРЛИН, 2022 жылғы 18 мамыр – ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Халықаралық парламенттік стипендия (IPS) стипендиаттары Рената Мұратова, Самат Ысқақов және Евгений Власовпен кездесті.

Жыл сайын неміс Бундестагы әлемнің 50 елінен келген жас университет түлектеріне 120 IPS стипендиясын тағайындайды.
1 наурыз бен 31 шілде аралығында стипендиаттар Бундестагтың жұмысымен танысып, неміс депутаттарының аппараттарында үш айлық тағылымдамадан өтеді.

Стипендияның басты мақсаттары: шетелден келген жас мамандарды Германия қоғамының демократиялық құндылықтарымен, заң шығармашылық үдерісімен, депутаттардың сайлаушылар талаптарын орындауымен таныстыру.

Стипендияны алу үшін үміткер жоғары оқу орнының дипломына ие болу, неміс тілін В2 деңгейінде білу және жасы 30-ға толмаған болу керек. Қосымша ақпаратты Бундестагтың веб-сайтынан табуға болады (https://www.bundestag.de/europa_internationales/ips/kasachstan-245036).

Кездесу барысында Елші Д.Кәріпов Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты және парламентаралық қатынастардың бірқатар аспектілері туралы баяндады, сондай-ақ, парламенттік дипломатия және Мәжіліс пен Бундестаг депутаттық топтарының өзара іс-қимылы туралы айтты. Сондай-ақ инвестиция, жасыл экономика және Қазақстан мен Германияның адам құқықтары саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Жас қазақстандықтар алдағы референдумға қатысуға және Елшілік ғимаратында дауыс беруге шақырылды.