
БЕРЛИН, 2022 жылғы 5 мамыр – бүгін салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Қазақстанның Гамбургтегі Құрметті консулы Йохан Киллингер мырзаға «ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығы» медалін табыс етті.
Й.Киллингер «Buss Group» атты порт логистикасы, жел энергетикасы, газ және сутегі, логистикалық жылжымайтын мүлік, кеме қатынасы және инвестиция салаларында белсенді жұмыс атқаратын компаниялар тобының басқарушы акционері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Құрметті консулы ретінде неміс кәсіпкері Қазақстан мен Еуропадағы ең ірі порттық қалалардың бірі болып табылатын Гамбург қаласы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға зор үлес қосуда.