
БЕРЛИН, 2022 жылғы 29 сәуір – бүгін салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мәдениетаралық байланыстарды дамытуға және Германияда қазақ поп-музыкасын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін музыканттар Пауль Фридрих пен Ольга Касперге мемлекетіміздің жоғары марапаттарын - II дәрежелі «Достық» ордені мен «Шапағат» медалін табыс етті.
Қазақстанның тумалары бола отырып, өздерінің тарихи отанына қоныс аударған П.Фридрих пен О.Каспер Қазақстанмен тығыз байланысты сақтай отырып, неміс тыңдармандарын қазақ тіліндегі репертуарымен қуантуда.
Музыканттар Қазақстан басшылығына алғысын білдіріп, елімізге өркендеу мен бейбітшілік тіледі.