Берлинде Қазақстаннан Германияға энергия ресурстарын жеткізуді әртараптандыру және Орталық Азия өңірінде герман бизнесінің өкілдігін кеңейту мүмкіндіктері талқыланды

Берлинде Қазақстаннан Германияға энергия ресурстарын жеткізуді әртараптандыру және Орталық Азия өңірінде герман бизнесінің өкілдігін кеңейту мүмкіндіктері талқыланды

БЕРЛИН, 2022 ж. 28 сәуір – Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов ГФР Экономика және климатты қорғау федералдық министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің басшысы доктор Доминик Шнихельспен кездесу өткізді.

Талқылаудың басты тақырыбы елдер арасындағы тауар айналымын арттыру, Қазақстаннан Германияға энергия ресурстарын жеткізуді әртараптандыру және Орталық Азия өңірінде герман бизнесінің өкілдігін кеңейту мәселелері болды.

Әңгіме барысында Елші Дәурен Кәріпов Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту қажеттігі туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ Қазақстанның экономикалық және инвестициялық тартымдылығының факторларын, оның ішінде әртараптандырылған энергия көздерін, қолайлы географиялық жағдайды және елеулі табиғи ресурстарды атап өтті. Бұл ретте Қазақстанның ҚХР-дан Еуропаға жүк жеткізудегі транзиттік ел ретіндегі маңызы тек арта түседі. Қазақстанда өндірілетін шикізатты Герман экономикасын цифрландыру және декарбонизациялау және аса маңызды пайдалы қазбалардың импортында монополист елдерге тәуелділікті төмендету процесінде пайдалануға болады.

Өз кезегінде, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман үкіметаралық жұмыс тобының Тең төрағасы қызметін қоса атқаратын Доминик Шнихельс, елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің, өзара тиімді іскерлік байланыстарды кеңейтудің, түрлі салаларда тәжірибе мен технологиялар алмасудың, сондай-ақ бірлескен жоғары технологиялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Сұхбаттасушылар екі ел үкіметтерінің экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды азайту бойынша қабылдаған шаралары және 2022 жылы ҮЖТ кезекті отырысын өткізудің болжамды мерзімдері туралы ақпаратпен алмасты.