Берлиндегі қазақстандық кино апталығын «Томирис» тарихи картинасы ашты

Берлиндегі қазақстандық кино апталығын «Томирис» тарихи картинасы ашты

БЕРЛИН, 2022 жылғы 25 сәуір – Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 30-жылдығын мерекелеу аясында Германия астанасының ең танымал кинотеатрларының бірі болып табылатын «Zoo Palast» кинотеатрында Қазақстанның Германиядағы Елшілігі ұйымдастырған Қазақстандық кино апталығының ашылуы өтті.

Киноапталығы режиссер Ақан Сатаевтың массагеттер патшайымы мен Ұлы Кир туралы «Томирис» атты тарихи фильмімен ашылды және ол жиналған неміс жұртшылығын тәнті етті. Киносыншылар, кино сүйер қауым мен журналистер актерлердің тамаша өнері мен керемет костюмдерін жоғары бағалады. Көрермендер фильмдегі массагеттер сөйлеген көне түркі тіліне ерекше қызығушылық танытты.

Германиядағы Қазақстандық кино апталығы 25 сәуір – 1 мамыр аралығында өтеді. «Томирис» фильмінің көрсетілімін режиссер Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ», режиссер Рашид Сүлейменовтің «Үйге қайтар жол», Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» көркем фильмдері, сондай-ақ Олег Беляловтың «Алатау» деректі фильмі және режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ» («Шлингель»-2019 халықаралық жас көрермендер кинофестивалінің жеңімпазы) және режиссер Адай Әбілдиновтың «Күлтегін» анимациялық фильмдері жалғастырып, кең аудиторияға қазақстандық кинематографисттердің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беретін онлайн платформада көрсетіледі.