Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттары Дюссельдорфта Қазақстанның Германиядағы Елшілігі ұйымдастырған фотокөрме барысында мемлекетіміздің табиғаты мен көрнекті жерлерімен танысты

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттары Дюссельдорфта Қазақстанның Германиядағы Елшілігі ұйымдастырған фотокөрме барысында мемлекетіміздің табиғаты мен көрнекті жерлерімен танысты

ДЮССЕЛЬДОРФ, 2022 жылғы 9 сәуір - Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Еуропа бойынша турнесы аясында Германияда берген концертінің қарсаңында оның халықаралық фан-клубы мүшелерінің бас қосуы өтті.

Іс-шара аясында Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 30-жылдығына орай ұйымдастырған “Табиғат, мәдениет, адамдар - ғажайып Қазақстан” тақырыбындағы фотокөрмесі барысында Димаштың тыңдармандары мемлекетіміздің мәдениетімен, табиғатымен, салт-дәстүрлерімен және көрнекті жерлерімен танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шарада Чилидан, Франциядан, АҚШ-тан, Малайзиядан және т.б. елдерден келген өкілдер мен Қазақстанның белгілі әншісі Мәди Сыздықов өз өнерлерін көрсетті. Әнші өзінің авторлық шығармаларын, сондай-ақ әлемдік хиттарды орындады.

Димаштың Дюссельдорфтағы концерті “Арнау” бағдарламасы аясында өтіп, шамамен 7000 көрермен жинады. Келесі концерті ү.ж. 16 сәуірде Прага қаласында өтеді.