ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Штутгарт қ. әкімі Франк Ноппермен және жергілікті Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Штутгарт қ. әкімі Франк Ноппермен және жергілікті Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен

ШТУТГАРТ, 2022 жылғы 5 сәуір – Баден-Вюрттемберг федералдық жеріне жұмыс сапары барысында ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д. Кәріпов Штутгарт қаласының әкімі Франк Ноппермен және Штутгарт өңірінің Сауда-өнеркәсіп  палатасының Басқарушы директоры Тассило Зивицпен кездесті.

Кездесу барысында талқыланған басты тақырып ГФР-дың маңызды индустриялдық аймақтарының бірімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, оның ішінде серіктес болып табылатын Алматы қаласымен ынтымақтастықты дамыту, екі ел кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстар орнату, сондай-ақ тәжірибе алмасу және технологиялар трансфері болды.

Дипломатиялық өкілдіктің басшысы Қазақстан басшылығының саяси реформаларды жүргізу, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамалары туралы хабардар етті. Ынтымақтастық мәселелерін талқылау аясында Елші бизнесті жүргізу шарттары мен ҚР-дағы қолайлы инвестициялық ахуал, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі және мемлекет пен шетелдік компаниялар арасында сенімді диалогты дамыту туралы айтып берді.

Кездесулер барысында герман тарапы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және түрлі салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Штутгарт-Баден-Вюртемберг жерінің әкімшілік орталығы, Германияның маңызды өндірістік орталықтарының бірі, сондай-ақ маңызды мәдени Орталық. 2009 жылғы маусымда Алматы мен Штутгарт қалалық әкімшіліктері арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатта екі қала арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, муниципалдық басқару саласында (муниципалдық шаруашылық, көлік, мәдениет, білім беру, туризм, спорт және т.б.) тиімді тәжірибе және ақпарат алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру, ынтымақтастық, денсаулық сақтау, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік өндіріс және инновациялық технологиялар салаларында тәжірибе алмасу және пайдалану көзделген.