
2022 жылғы 31 наурыз бен 3 сәуір аралығында Берлинде Германияның 36-шы халықаралық пара жүзуден чемпионаты өтті. Қазақстан Республикасын Токиода өткен 2020 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали және жас спортшылар Әйбек Искра, Иван Щепов, Алина Синельникова өкілдік етті.
Н.Жұмағали 200 метр қашықтықта брасспен (А тобында) күміс жүлдегер атанды және өзінің 13-сыныбында брасс стилінде күміс пен қола жеңіп алды.
А.Синельникова Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, 200 метр қашықтықта брасспен Азия рекордын орнатты. Сондай - ақ, ол 100 метр қашықтықта брасспен 13-сынып бойынша күміс жеңіп алды.
И.Щепов 13-сыныпта екінші болып, арқамен жүзу 100 метр қашықтықта күміс алды.
Ә.Искра 50 метрге арқамен жүзуде 13-сынып бойынша үшінші орын алды. Ол «В» категориясының (В тобында) финалдық белдесуін жеңіп алды.
Біз спортшыларымызды тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз және оларға Қытайдағы Азия ойындарына қатысу лицензиясын сарапқа салатын Мадейрада (Португалия) Пара жүзуден әлем чемпионатында жаңа жеңістер тілейміз.
ҚР ГФРд-ағы Елшісі Дәурен Кәріпов біздің спортшылармен кездесіп, оларды жеңістерімен құттықтап, болашақта табыстар мен жаңа спорттық жетістіктер тіледі.