Берлинде қазақстандық киноиндустрия саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Берлинде қазақстандық киноиндустрия саласындағы ынтымақтастық талқыланды

БЕРЛИН, 2022 жылғы 1 сәуір - Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов бүгін неміс кино және теледидар продюсері Даниэль Хетцермен, канадалық режиссер Мишель Макларенмен және британдық арт-директор Энди Николсонмен кездесті.

Қазақстанда ірі киножобалар түсірілуі мүмкін ықтимал ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Халықаралық киноиндустрия жұлдыздарының ерекше қызығушылығын Қазақстанның түрлі ландшафтары тудырды - еліміздің кең байтақ жері, шөлдер мен шығыстағы ормандары, биік таулары фильмдердің барлық түрлері үшін өте қолайлы.

Даниэль Хетцер ("Rush", "Munich - The Edge of War" атты еңбектерімен танымал, неміс кино және телепродюсері, американдық продюсерлер гильдиясының мүшесі.

Режиссер Мишель Макларен "Game of Thrones", "The Morning Show", "The Walking Dead", "Westworld", "X files" сияқты жобалармен жұмыс жасауда танымал. Ол "Breaking Bad" телехикаясының эпизодымен жұмыс істегені үшін "Эмми" жүлдесіне ие болды.

Қоюшы-суретші Энди Николсон "Гравитация" фильміндегі жұмысы үшін "Оскар" сыйлығына ұсынылды. Оның басқа еңбектерінің қатарына "Captain Marvel", "Divergent", "Jurassic World: Fallen Kingdom" кіреді.