ҚР Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев пен ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов федералдық министрліктері мен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді​

ҚР Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев пен ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов федералдық министрліктері мен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді​
БЕРЛИН, 2022 жылғы 30 наурыз – Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев және ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов бүгін Берлинде ГФР Экономика және климатты қорғау федералдық министрі жанындағы Парламенттік хатшы Оливер Кришермен, Экология, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік федералдық министрлігінің Мемлекеттік хатшысы доктор Кристина Роледермен және Герман экономикасы Шығыс комитетінің Бас директоры Михаэль Хармспен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, елдер арасындағы тауар айналымының көлемін арттыру, екі елдің бизнесмендері арасында тікелей байланыс орнату, түрлі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы аса ірі сауда серіктесі болып табылады – өңірмен сауданың 80%-дан астамы Қазақстанға тиесілі. Кездесулер барысында климатты қорғау, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы, соның ішінде 2019 жылғы желтоқсанда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ГФР Экология, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік Федералдық министрлігі арасында қол қойылған өзара іс-қимыл туралы Меморандум аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Кездесулер барысында Герман өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытудың, Герман экономикасы үшін қазақстандық шикізатты жеткізуді кеңейтудің, экономиканың түрлі салалары үшін мамандар даярлаудың, тәжірибе алмасудың және технологиялар трансферінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 29 елімен қарым-қатынастарда герман бизнесінің мүдделерін білдіретін Герман экономикасының шығыс комитеті Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің дәстүрлі серіктесі болып табылады. Қазақстан Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Склярдың Герман бизнесімен кездесулері, Берлин Еуразиялық клубының және стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесінің отырыстары тұрақты негізде өткізіледі.