Елші Д.Кәріпов Шикізат және шикізат қауіпсіздігі жөніндегі федералдық комиссиясының алғашқы кездесуіне қатысты

Елші Д.Кәріпов Шикізат және шикізат қауіпсіздігі жөніндегі федералдық комиссиясының алғашқы кездесуіне қатысты

БЕРЛИН, 24 наурыз 2022 ж. – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Д.Кәріпов Экономикалық даму және сыртқы сауда федералдық қауымдастығы жанынандағы (BWA) Шикізат және шикізат қауіпсіздігі жөніндегі федералдық комиссиясының құрылуына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Аталған іс-шараға BWA Berlin Басқарма төрағасы М.Шуман, Федералдық Экономика және климатты қорғау министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаментінің шикізат саясаты бөлімінің меңгерушісі Т.Гекле, саясаттанушы Я.Куллик, Герман шикізат агенттігінің шикізат әлеуетін бағалау бөлімінің басшысы С. Шульц, сондай-ақ шикізат өнеркәсібінің басқа сарапшылары қатысты.

Тараптар Германияның шикізаттық стратегиясын, Германияға шикізатты жеткізудің ағымдағы жағдайын және еңсеруге қажетті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Я.Куллик пен С.Шульц Германияның шикізаттық саясатының ағымдағы жай-күйі, жеткізілім бойынша мүмкін болатын кедергілер туралы баяндап, бар проблемаларды шешу шараларымен таныстырды.

Елші Кәріпов өз кезегінде Қазақстан мен Германияның шикізат саясаты бойынша тығыз ынтымақтастығына және осы саладағы қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету мүмкіндігіне тоқтады. Осы тұрғыда, ол Қазақстанда болашақта Қазақстан-Германия жобаларын жүзеге асыру үшін алаң бола алатын шикізат бойынша Құзыретті орталығын құруды ұсынды.

Соңында Германия Бундестагының депутаттарының қатысуымен алдағы уақытта кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.