Леонард Кошутты еске алу

Леонард Кошутты еске алу

Қазақстанның және қазақ әдебиетінің көп жылдан бергі досы Леонард Кошуттың қайтыс болғандығы туралы хабарды Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі терең күйзеліспен қабылдады.

Оның ұлттық әдебиетке деген адалдығын қазақ әдебиетіндегі жиырмаға жуық атаулар айғақтайды. Соның ішінде ұлы Абайдың философиялық толғаулары «Қара сөздер» (2001) мен «Жиырма өлең» жинағы (2007, 2019), Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының поэтикалық аудармалары және Олжас Сүлейменовтің «Көшпенділердің азимуттарында» атты жеке басылымы («Өлеңдер мен поэмалар», 1981). Ол Дүкенбай Досжан мен Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармаларын аударып, неміс оқырмандары арасында танымал етті. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» атты романы туралы Кошут былай деп жазды: «Егер қоғамымыз Батысқа қадалып қалмағанда, роман неміс тіліне қолжазбадан аударылып, әлем әдебиетінің тамаша туындысы ретінде танылар еді». Ол 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейінгі уақытын  Абайдың шығармашылығына арнады. Леонард Кошуттың неміс тіліне аударған поэзиялық аудармалары Қазақстанмен, қазақ әдебиетімен және қазақ жазушыларымен ондаған жылдар бойы жүргізілген кең ауқымды кездесулерге негізделген және олардың бар болуы ең алдымен бұрын қоныс аударып келген Еділ немісі болып табылатын атақты қазақ жазушысы Герольд Бельгермен достық қарым-қатынастар себеп болған. Абайдың шығармашылығы бйынша тәуелсіз маман болған Бельгер досы Кошутқа түпнұсқаларды салыстыру және кеңестер беру арқылы қолдау көрсетті. Герольд Бельгер өзінің «Леонард Кошут туралы» кітабында (2013 ж.) былай деп жазды: «Леонард Кошут - әдеби әлемдегі бірегей тұлға. Ол кешегі Кеңес Одағының ұлттық әдебиетін танымал етуші және басып шығарушы, аудармашы, сыншы, эссе жазушы ретінде әдеби ортада заңды түрде танымал болып, көптеген елдерде адал достар тапты.

Леонард Кошут Германиядағы қазақ әдебиетін қабылдауға қосқан үлесі үшін Қазақ ПЕН-клубынан Михаил Дудин атындағы сыйлыққа ие болды.

Қазақстан мен Германия халықтары арасындағы бейбітшілік, достық пен ынтымақтастық ісіне адалдығы үшін 2020 жылы ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Достық» орденімен марапаттады.

2021 жылғы 22 қазанда Абай Құнанбайұлы ескерткішінің ашылуында Кошут мырзаны Елшілікте қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе және қуаныш болды, өкінішке орай, соңғы рет.

Кошут мырзаның жақындары мен достарына шын жүректен көңіл айтамыз. Жаны жәннәтта болсын.