Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Герман экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы, «WILO SE» компаниясының Президенті және Басқарма төрағасы Оливер Гермеспен кездесті

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Герман экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы, «WILO SE» компаниясының Президенті және Басқарма төрағасы Оливер Гермеспен кездесті

БЕРЛИН, 2022 жылғы 3 наурыз – Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Герман экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы, "WILO SE" компаниясының Президенті және Басқарма төрағасы Оливер Гермеспен кездесті. Кездесу барысында Ресей-Украина қақтығысы аясындағы ағымдағы экономикалық жағдай, сондай-ақ дағдарыстың әлемдік экономикаға теріс салдарын азайту мәселелері және Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Оливер Гермес-Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірімен жұмыс істеу бойынша герман бизнесінің жетекші өңірлік қауымдастығын басқаратын беделді герман менеджері. Өткен жылдан бастап ол Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінде Қазақстанның Құрметті консулы болып табылады.