ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Склярдың неміс компанияларының басшыларымен кезекті онлайн кездесуі өтті

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Склярдың неміс компанияларының басшыларымен кезекті онлайн кездесуі өтті

БЕРЛИН, 2022 ж. 23 ақпан - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р.Склярдың төрағалығымен герман бизнесімен кезекті 17-ші онлайн-кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Герман экономикасының Шығыс комитетінің қолдауымен ұйымдастырған іс-шара экономиканы цифрлық трансформациялау саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналды. Цифрландыру тақырыбы өзекті болып табылады, өйткені ол кез келген елдің болашағын айқындайды, ал цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда барған сайын маңызды рөл атқарады. Қазақстан әлемдік үрдістерге сәйкес экономиканың түрлі салаларында цифрлық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Іс-шараға герман компанияларының 70-тен астам басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ олардың Қазақстандағы филиалы, Қазақстан мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының өкілдері қатысты. Неміс компаниялары арасында - Schaeffler, Siemens, Giesecke + Devrient, Gigaset, SAP, Knauf, Knorr-Bremse, Kuehne + Nagel, John Deere Walldorf, TROX, Volkswagen және т. б.

Онлайн-кездесу барысында неміс тарапынан «SAP CIS» Бас директоры Андрей Филатов, «Brose Fahrzeugteile» компаниясының өндірістік жоспарлау жөніндегі директоры Фолькер Хаген, «Siemens Kazakhstan» Бас директоры Диас Асанов, «Giesecke+Devrient“ компаниясының Берлин кеңсесінің директоры Фабиан Бар сөз сөйледі.

Қазақстандық тарап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова, «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов, «Astana Hub» даму және экспорт жөніндегі Басқарушы директоры Абай Әбсемет деңгейінде таныстырылды.

Р.Скляр өз сөзінде цифрландыру ел экономикасын дамытудың стратегиялық басымдығы болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанда тиісті акт-инфрақұрылымы құрылғанын, нормативтік-құқықтық негіз қалыптастырылғанын және жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін қажетті адами капитал бар екенін атап өтті.

Іс-шараның мазмұндық бөлігіне германиялық бизнесмендер қомақты үлес қосты. Олар өз баяндамаларында жалпы Қазақстандағы «цифрлық экономиканы» дамыту перспективалары, екіжақты ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру әлеуеті туралы айтты.

Іс-шара шеңберінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қадамдарын, халыққа қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, көлік және тау-кен металлургия салаларында цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ экономика салаларын цифрлық трансформациялау бойынша неміс бизнесімен бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде «Индустрия 4.0» элементтерін қолданатын қазақстандық кәсіпорындарды технологиялық қайта жарақтандыру мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында аймақтағы ірі ІТ-стартаптардың халықаралық технологиялық паркі - Astana Hub кәсібіне ерекше назар аударылды. Нақтылап айтқанда, Astana Hub- та салық, еңбек және визалық жеңілдіктер алуға жағдай жасалғаны және 500-ден астам стартаптар мен 25 ғылыми-зерттеу орталықтардың зертханалары жұмыс істейтіні баяндалды.

Онлайн-кездесудің соңында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өтті, оның шеңберінде іс-шараға қатысушылар ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша сұрақтар қоюға және сөз сөйлеуге мүмкіндік алды.