Берлинде белгілі Халықаралық кинофестивалінің Бас жүлдегері болған қазақстандық фильмі талқыланды

Берлинде белгілі Халықаралық кинофестивалінің Бас жүлдегері болған қазақстандық фильмі талқыланды

БЕРЛИН, 2022 жылғы 19 ақпан – бүгін ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігі Герман- Қазақ қоғамымен бірлесіп режиссер Фархат Шәріповтің «Схема» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

Қазіргі қазақстандық жастардың өмірі, оның даму тенденциялары мен мәселелерін баяндайтын фильм осы күндері Германия астанасында өтіп жатқан 72-ші Берлинале халықаралық кинофестивалінде «Generation 14+» бағдарламасында Бас жүлдені жеңіп алды.

Көрсетілімге Елшіліктің достары мен Германияда жұмыс істеп, оқып жатқан қазақстандықтар қатысты. Қойылым соңында қонақтардың режиссер Фархат Шәріповке сұрақтар қоюға, өскелең ұрпақтың мәселелерін, олардың даму мүмкіндіктерін, ҚР мен ГФР мемлекеттік жастар саясатын талқылауға мүмкіндіктері болды.