Елші Дәурен Кәріпов Германия Бундестагының депутаты Андрей Хункомен парламенттік дипломатияны жандандыру мүмкіндіктерін талқылады

Елші Дәурен Кәріпов Германия Бундестагының депутаты Андрей Хункомен парламенттік дипломатияны жандандыру мүмкіндіктерін талқылады

БЕРЛИН, 2022 ж. 18 ақпан – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Герман Бундестагының депутаты, Халықаралық саясат және ЕО-мен қатынастар жөніндегі комитеттердің мүшесі Андрей Хункомен («Солшылдар» партиясы) кездесу өткізді. 2022 жылдың қаңтар айының соңында А.Хунко Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА) ГФР делегациясының құрамына қайта тағайындалды. Кездесу барысында тараптар еуропалық ең тәжірибелі парламентаралық ынтымақтастық органы шеңберіндегі өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты.

Елші Д.Кәріпов сұхбаттасушыға адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайтуға және жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған Қазақстандағы демократиялық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты. «Бүгін біз жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудамыз. Бұл плюрализм мен балама ойлауды білдіреді», – деді ол.

Өз кезегінде неміс депутаты өзекті халықаралық мәселелерге қатысты өз пікірімен бөлісіп, Қазақстандағы қаңтар оқиғасы бойынша ресми тергеу жүргізудің маңыздылығымен келісті.