Елші Дәурен Кәріпов «Qazan e.V.» ұйымының басшылығымен кездесті

Елші Дәурен Кәріпов «Qazan e.V.» ұйымының басшылығымен кездесті

МЮНХЕН, 2022 жылғы 16 ақпан – Бавария федералдық жеріне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов «Qazan e.V.» ұйымының төрағасы Валерий Оствальдпен және төрағаның орынбасары Денис Козыревпен кездесті.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларды қаңтар оқиғасынан кейінгі Қазақстанның қазіргі дамуы туралы хабардар етті және Президент Тоқаев жариялаған әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтты. Осыған байланысты тараптар экономика және мәдениет салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

«Qazan e.V.» ұйымын 2015 жылы Германияда тұратын Қазақстан азаматтары мен бұрынғы отандастарымыз құрған. Ұйымның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды дамыту.
Германияда қазақ мәдениетін, халқымыздың салт-дәстүрі мен тағамдарын танымал ету мақсатында Ұйым мүшелері жыл сайын Бавария және Баден-Вюртемберг елдерінің қоғамдық-саяси және іскер топтарының қатысуымен «Наурыз» көктем мерекесін тойлайды, сонымен қатар бүкіл Германияда еліміздің табиғатына, көрікті жерлеріне және мәдени мұраларына арналған фотокөрмелер өткізеді.

Сондай-ақ, Ұйым Қазақстанда өндірілген ауылшаруашылық өнімдерін және Талдықорғанда өндірілген «Қайнар-АКБ» аккумуляторларын Баден-Вюртемберг федералдық жеріне жеткізуді ұйымдастырды. Осыған орай, сұхбаттасушылардың басты назары екі елдің ШОБ субъектілері арасында байланыс орнату мәселелеріне аударылды.