
БЕРЛИН, 2022 жылғы 14 ақпан - Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Берлиннің Марцан ауданында Германияның Христиан-демократиялық партиясының Бас хатшысы – Бундестаг депутаты Марио Чаяның (Mario Czaja) жаңа кеңсесінің ашылуына қатысты.
Іс-шарада Д.Кәріпов саяси партиялардың және іскер топтардың өкілдерімен Қазақстан мен Германия арасындағы саяси және экономикалық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқылады. Елші сондай-ақ қоғамды демократияландыруға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған республикада жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстанда қалыптасып жатқан жағдай туралы өзекті ақпаратты жеткізді.
Д.Кәріпов Қазақстандағы 180 мың неміс қоғамдастығының және Германиядағы 900 мыңнан астам бұрынғы отандастарымыздың Қазақстан мен Германия ынтымақтастығын тереңдетудегі ерекше рөлін атап өтті.
Саяси, экономикалық және гуманитарлық-білім беру салаларын қамтитын мәселелердің кең спектрі бойынша ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға өзара мүдделілік білдірілді.