
БЕРЛИН, 2022 жылғы 14 ақпан – Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Германия-Қазақстан қоғамының жаңа төрағасы Томас Хельммен және Басқарушы директоры Галина Нуртазиновамен кездесті. Кездесу барысында дипломатиялық өкілдіктің басшысы Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына және осы мерейлі күнге орай жоспарланған іс-шараларға тоқталды.
Тараптар саяси, экономикалық және мәдени салаларды қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ екі тарапты да қызықтыратын бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Жалпы, кездесу достық және жылы атмосферада өтіп, нәтижесінде тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаласты.