Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Герман экономикасы Шығыс комитетінің Басқарушы директоры Михаэль Хармспен кездесу өткізді

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Герман экономикасы Шығыс комитетінің Басқарушы директоры Михаэль Хармспен кездесу өткізді

БЕРЛИН, 2022 жылғы 10 ақпан – ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Герман экономикасы Шығыс комитетінің Басқарушы директоры Михаэль Хармспен кездесу өткізді. Кездесу барысында дипломатиялық өкілдіктің басшысы Қазақстандағы ағымдағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы, сондай-ақ ел басшылығының тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық әл-ауқат пен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары мен шаралары туралы хабардар етті. ҚР Үкіметінің қолайлы инвестициялық климатты жақсарту, мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, Қазақстанның инвесторлар мен бизнес алдындағы барлық міндеттемелері мен кепілдіктерін толық көлемде орындау жөніндегі шараларына ерекше назар аударылды.

М.Хармс өз кезегінде аймақтағы ГФР-дың басты серіктесі болып табылатын Қазақстанмен Германия ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, ТМК, цифрландыру, «жасыл» энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы өзара тиімді кооперацияны дамытуға еліміздің әлеуеті зор. Осы тұрғыда ол германиялық іскер топтар Қазақстан Президентінің бастамаларын қолдайтынын және елдің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендігін атап өтті.

Тараптар алдағы бірлескен іс-шараларды, оның ішінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р.Склярдың герман бизнесімен 2022 жылғы 23 ақпандағы онлайн-кездесуін және 2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Берлин Еуразиялық клубының отырысын талқылады.

Герман экономикасы Шығыс комитеті ГФР-дың ең көне бизнес-қауымдастығы болып табылады. Ол герман компанияларының атынан ГФР-дың Орталық және Шығыс Еуропаның, сондай-ақ Орталық Азияның 29 елімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді және экономикалық іс-шараларды өткізу кезінде Елшіліктің дәстүрлі серіктесі болып табылады.