
БЕРЛИН, 2022 жылғы 4 ақпан – Берлин, 4 ақпан – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов танымал қазақстандық суретші – Қазақстан Суретшілер одағының және Дизайнерлер одағының мүшесі, халықаралық марапаттардың иегері Бақытнұр Бүрдесбековтың «Дала әуені – Қазақстанның әсерлері» атты көрмесінің ресми ашылуына қатысты. Іс-шара барысында Елші құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында аталған көрменің ашылуының символдық мәні бар екенін атап өтті. Біздің елдеріміздің арасындағы өзара қарым-қатынастар саяси және экономикалық бағыттарда ғана дамып қоймай, сонымен қатар мәдени салада да жақсы динамиканы көрсетуде.
Атап өтетін жайт, шығармалардың стильдік және жанрлық әралуандығы Бақытнұр Бүрдесбековті қазіргі қазақстандық өнердің жарқын өкілі ретінде ерекшелеп тұр. Оның шығармашылық даралығын көркем сурет саласындағы кәсіпқойлар мен әуесқойлар мойындап отыр.
Көрме Galerie ARS PRO DONO, Prenzlauer Allee 191, 10405 Berlin-де 2022 жылдың 30 наурызына дейін жалғасады.
Қазақстандық заманауи көркем сурет әуесқойларын Бақытнұр Бүрдесбековтің сурет көрмесіне шақырамыз.