
БЕРЛИН, 2021 жылғы 13 желтоқсан – ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша Герман Агробизнес Альянсының Басқарушы директоры Пер Бродерсенмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әріптестік пен өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялар тартудың, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытудың ықтимал тетіктері талқыланды.
П.Бродерсен Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған республиканың АӨК дамыту жөніндегі ұсыныстарының өзектілігін атап өтті. Ол сондай-ақ қазақстандық АӨК даму қарқынына және шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына оң баға берді. Оның пікірінше, дағдарыс кезеңінде ҚР мен ГФР үкіметтері арасындағы стратегиялық өзара іс-қимылды қолдау мақсатында да, сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығы сегменттерін қолдауға және одан әрі дамытуға мүдделі неміс іскер топтары үшін де жоғары инвестициялық тартымдылық қалыптасуда.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі қадамдарын белгіледі.
Агробизнестің Герман альянсы аграрлық және азық-түлік секторларында Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықта АӨК саласындағы герман компанияларының мүдделеріне өкілдік етеді. Жоғары деңгейдегі саяси-экономикалық кездесулерге, өңір елдерінің үкіметтері өкілдерінің қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға қатысады.