
БЕРЛИН, 2021 ж. 9 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Германия астанасының орталығында Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшісінің жұбайы Қарлығаш Кәріпованың бастамасы бойынша және Молдияр Нұрбаев пен Алтынсара Нұрахметованың демеушіліқ қолдауымен қазақстандық дизайнерлер коллекцияларының көрсетілімі өтті.
Өзінің алғы сөзінде Қарлығаш ханым шоудың ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, ұлттық киім әр ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін және оның тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мұрасын бейнелейтінін атап өтті.
Көрсетілімнің қонақтарына Назым Қарпықова («ARUNAZ» бренді), Айдана Омарова (Қазақстандағы «OMABELLE» атты 1-ші тон брендінің негізін қалаушы және жеке бренд – «Aydana Omarova Couture»), сондай-ақ жас перспективті жаңашыл сәнгер – Әнел Төлеген сияқты танымал дизайнерлердің ұлттық қазақ ою-өрнектері мен азиялық элементтерге тән модельдер мен Casual стиліндегі заманауи бейнелері ұсынылды.
Берлин тұрғындары мен қонақтары қазақстандық және халықаралық музыканттардың жанды әуенімен сүйемелденген түрлі-түсті бейнелерді жоғары бағалады.
Қазақстан табиғатының цифрлық инсталляциясы және қазіргі қазақстандық суретшілер: М.Қалмаханов, Б.Бүрдесбеков, А.Чунчалинов картиналарының репродукцияларының қойылымы көрермендерді таңдандырды.