Қазақстан өкілдері Орталық Азия елдеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстан өкілдері Орталық Азия елдеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты

ФРАНКФУРТ-НА-МАЙНЕ, 2021 жылғы 9 қараша - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров пен ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов құрметті қонақтар ретінде Германия экономикасының Шығыс комитеті «АКА Ausfuhrkredit-Gesellschaft» банкімен бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азия – басты назарда. Экономика туралы әңгіме» халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияда CLAAS, Knauf, Vamed, Siemens Healthineers, AKA Export Credit Society, Deutsche Bank, Schaeffler, SVEVIND Energy, DB Engineering & Consulting және т. б. жетекші герман компанияларының басшылары мен өкілдері ұсынылды.

Іс-шара шеңберінде Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық, сондай-ақ Қытайдың өңірдегі рөлі мәселелеріне арналған подиумдық пікірталас өтті, онда сарапшы ретінде А.Айдаров сөз сөйледі. Өз түсініктемелерінде ол Қазақстанның сыртқы саясаты көпвекторлылықты кеңейтуге және барлық елдермен достық қарым-қатынастарды нығайтуға негізделгенін атап өтті. ЕО-мен өзара іс-қимылға, атап айтқанда ГФР-мен экономикалық байланыстарды тереңдетуге ерекше назар аударылды. Қазақстан ГФР-дың Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі болып табылады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық ерекше динамикамен ерекшеленетіні атап өтілді, бұл тұрақтылық пен федералдық және аймақтық деңгейлерде өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен сипатталады.

Өз кезегінде, Герман экономикасы Шығыс комитетінің Басқарушы директоры Михаэль Хармстың айтуынша, Орталық Азия коронавирустық инфекция пандемиясының күйзелісінен айығып, теріс салдарын азайтады. Сонымен қатар, Хармс энергия көздері мен шикізат ресурстарының қорын, сондай-ақ Қытаймен және Азияның басқа да өсіп келе жатқан нарықтарымен логистикалық тізбекті құрудағы маңызды байланыстырушы буынның рөлін ескере отырып, аймақтың Германия экономикасы үшін өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтті.

1952 жылы құрылған Герман экономикасының Шығыс комитеті герман компанияларымен өзара іс-қимыл кезінде Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Ұйым Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 29 елінде герман бизнесінің мүддесін білдіреді және делегациялардың сапарларын, салалық конференцияларды, жұмыс топтарын ұйымдастыра отырып, сондай-ақ БАҚ-тағы және интернеттегі жарияланымдар арқылы нарықтың өзекті үрдістері туралы хабардар етеді.