Елші Дәурен Кәріпов Еуропарламент депутатымен кездесу өткізді

Елші Дәурен Кәріпов Еуропарламент депутатымен кездесу өткізді

БЕРЛИН, 2021 жылғы 5 қараша – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріповтің неміс және Еуропа парламент мүшелерімен кездесулерінің жалғасы ретінде Еуропалық парламент депутаты Гельмут Гойкингпен кездесу өткізді.

Еуродепутат біздің еліміздің тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткізген негізгі жетістіктерімен, сондай-ақ екіжақты және көпжақты тректерде қазақстан-герман қатынастарын одан әрі дамытуға арналғаг жоспарларымен жан-жақты танысты. Сондай-ақ, тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларын талқылады.

Елші Д.Кәріпов парламентаралық диалогты одан ары нығайту бойынша Г.Гойкингпен ашық пікір алмасты.