Елші Дәурен Кәріпов Саксония федералдық жерінің басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді

Елші Дәурен Кәріпов Саксония федералдық жерінің басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді

ДРЕЗДЕН, 2021 жылғы 4 қараша – Саксония федералдық жеріне жұмыс сапары барысында ҚР ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов Саксония ландтагының (Жер парламентінің) президенті доктор Маттиас Ресслермен және Федерация істері және Халықаралық істер жөніндегі мемлекеттік министрі, Саксония мемлекеттік Кеңсесінің Басшысы Оливер Шенкпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының бір облысымен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, екі ел кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстар орнату, сондай-ақ қазақстандық және Герман университеттері арасындағы тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамытуды қоса алғанда, Германияның маңызды өнеркәсіптік орталықтарының бірі - Саксония федералдық жерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Дипломатиялық өкілдіктің басшысы 2019 жылғы желтоқсанда және 2020 жылғы ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ГФР-ға жасаған сапарлары қосымша серпін берген Қазақстан-Германия ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Елші Қазақстан тарапының Саксония компанияларымен ынтымақтастығы және олардың қатысуымен ҚР-да жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша герман Тарапы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және түрлі салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
Саксония-Германияның маңызды өндірістік орталығы. Мұнда станок жасау, автомобиль жасау, машина жасау, микроэлектроника сияқты салалар жақсы ұсынылған. Шағын және орта бизнес, оның ішінде қолөнер (ойыншықтар, шілтер, ағаш ою) және фарфор өндірісі (Майсен) жергілікті экономикада ерекше маңызға ие. Көркем табиғаты мен бай тарихының арқасында Саксония әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристердің сүйікті орны болып табылады.