Елші Дәурен Кәріпов Германия Федералдық канцлері ведомствосының Орталық Азия бойынша басқармасының басшысы Александр Валлаумен екіжақтық ынтымақтастық бойынша сұхбаттасты

Елші Дәурен Кәріпов Германия Федералдық канцлері ведомствосының Орталық Азия бойынша басқармасының басшысы Александр Валлаумен екіжақтық ынтымақтастық бойынша сұхбаттасты

БЕРЛИН, 2021 жылғы 2 қараша — Бүгін ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кəріпов Германия Федералдық канцлері ведомствосының Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ бойынша басқармасының басшысы Александр Валлаумен танысу мақсатында кездесу өткізді. 

Сұхбат барысында Елші Д.Кəріпов екіжақты күн тәртібіндегі саяси және сауда-инвестициялық салаларға қатысты өзара қарым-қатынастың басым бағыттарын талқылады.