
Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы халқының үшінші ұлттық санағын 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін, оның ішінде 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығындаwww.sanaq.gov.kz сайтында интернет желісі арқылы онлайн режимде және 2021 жылдың 1 қазаны мен 30 қазан аралығында планшеттерде жаппай сауал салуды өткізу туралы шешімі қабылданғаны мәлім.
Сонымен бірге, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі арнайы жұмыс тобының кезекті отырысында, шет мемлекеттерде тұратын Қазақстан азаматтарының санағын онлайн форматта өткізу мерзімін 2021 жылғы 8 қарашаға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.