Бавария федералдық жеріне жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация «adidas AG» компаниясының басшылығымен кездесті

Бавария федералдық жеріне жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация «adidas AG» компаниясының басшылығымен кездесті

ХЕРЦОГЕНАУРАХ, 2021 жылғы 27 қазан – Бавария федералдық жеріне ​ жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр бастаған қазақстандық делегация «adidas AG» компаниясының штаб-пәтеріне барды. Кездесуге сондай-ақ Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов, Қазақстан Республикасының салалық министрліктерінің, ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның басшылығы қатысты.

Компанияның Басқарма мүшесі, қаржы мәселелері бойынша Бас директоры Х.Ольмайермен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері, атап айтқанда, компанияның қазақстандық нарықта болуы және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«аdidas AG» - әлемдегі екінші ірі спорт тауарларын өндіруші болып табылады және атақты спортшыларға, спорттық командаларға және халықаралық спорттық іс-шараларға арналған жабдықтың маңызды жеткізушісі ретінде танымал.