Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов ГФР Федералдық қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік жөніндегі министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов ГФР Федералдық қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік жөніндегі министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті

БЕРЛИН, 2021 ж. 18 қазан – Елші Дәурен Кәріпов ГФР Федералдық қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік жөніндегі министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Йохен Фласбартпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр басқаратын шетелдік инвесторлармен жұмыс бойынша Үкіметтік жұмыс тобының құрылуы туралы хабардар етті. Ерекше назар «жасыл экономиканы» дамытудың басымдығына, өнеркәсіпті энергиялық тиімді цифрландырудың даму перспективаларына, төмен көміртекті даму мен қоршаған ортаны қорғауда энергияны үнемдеудің рөліне аударылды.

Өз кезегінде Фласбарт мекеменің негізгі жұмыс бағыттары туралы, министрлік өкілдерінің Германияның Федералдық Үкіметі мен ЭЫДҰ-ның қолдауымен Халықаралық Климат Бастамасы (ICI) аясында жақын арада Қазақстанда жүзеге асырылатын «Климат, су және энергияның өзара әрекеті» (NEXUS) деп аталатын бірлескен аймақтық жобасына белсенді қатысуы туралы айтып өтті. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – Орталық Азия елдеріне климаттың өзгеруіне жауап ретінде ресурстардың қауіпсіздігін (энергия, су, жер / азық-түлік) жақсартуда көмек көрсету, климаттың өзгеруіне тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үкіметтік деңгейде жоспарлау үдерістерін жетілдіру.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қарастырылды, атап айтқанда, жасыл экономика саласындағы ынтымақтастық пен ұзақ мерзімді төмен көміртекті экономиканы дамыту стратегиясы туралы 2019 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Германияның қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік жөніндегі министрлігі арасында қол қойылған Бірлескен мәлімдемесінің іске асырылуы. Қазіргі уақытта ҚР ЭГТРМ Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) бірге Қазақстанның 2050 жылға дейін төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Фласбарт мекеме атынан Қазақстанның көміртекті бейтараптылыққа жетудегі күш-жігерін құптады және екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті мен бірлескен жобаларды іске асыру туралы оң пікірін атап өтті.