Берлинде қазақстандық студенттерінің форумы өтті

Берлинде қазақстандық студенттерінің форумы өтті

БЕРЛИН, 2021 ж. 16 қазан – бүгін Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі Германияда оқып жүрген «Kazakhstan Student Association in Germany» (KSAG) қазақстандық студенттер қауымдастығымен бірлесіп 8-ші студенттік форумды ұйымдастырды.

Форум аясында ҚР Елшісі Дәурен Кәріпов жаңадан келген студенттермен танысып, жас қазақстандықтарға мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстан Республикасының жас ұрпаққа қолдау көрсету шаралары туралы айтып өтті.

Студенттер өздерін қызықтыратын бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, дипломатиялық миссиясының консулдық-құқықтық қызметтері туралы ақпарат алды.

Форумның шарықтау шегі бадминтон, футбол және үстел теннисінен турнир болды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл – тарихы, дәстүрлері, қызықты фактілері» тақырыбында ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. «Салауатты жастар – сау ұлт» тақырыбында өткен кездесуде коронавирустық пандемияның зардабы жағдайында қаншалықты денсаулықтың маңызды екендігі талқыланды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының студенттері мен жас мамандары алдағы уақытта мәдени және спорттық іс-шараларды бірлесіп өткізу дәстүрін жалғастыруға үміттеніп, Елшілік пен мемлекетке жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді.

Форум аясында қатысушылар «Әлемдік қауымдастық таныған Қазақстан» атты фотокөрмені тамашалап, соңында ұлттық тағамдардан дәм тәтті.