
ЗЕЛЬМ, ГАННОВЕР, 2021 жылғы 30 қыркүйек – Солтүстік Рейн-Вестфалия және Төменгі Саксония федералдық жерлеріне жұмыс сапары кезінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов Зельм қаласында «SARIA» компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді және Ганновер қаласында «Bundesverband Deutscher Mittelstand» Герман шағын және орта бизнес қауымдастығының ұйымдастырған дөңгелек үстеліне қатысты.
Елші Д.Кәріпов бизнесті жүргізу шарттары мен ҚР-дағы қолайлы инвестициялық ахуалы, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс атқаруы және мемлекет пен шетелдік компаниялар арасында сенімді диалогы туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ Елшіліктің Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі міндеттері туралы айтып берді. Екіжақты ынтымақтастық институттарының, оның ішінде Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесінің, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының, Берлин Еуразиялық клубының, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен Герман инвесторларымен ынтымақтастық жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобының жұмысына ерекше назар аударылды.
Елші Д.Кәріпов компания өкілдерін қазан айының екінші жартысында Херцогенаурах қаласындағы «Schaeffler AG» компаниясының өндірістік алаңында өтетін неміс бизнесімен ай сайынғы онлайн-кездесулерге және Р. Скляр мырзаның қатысуымен өтетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырды.
Кездесулер қорытындысы бойынша германиялық компаниялардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және түрлі салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
«Saria SE & Co. KG» ет өнеркәсібі мен азық-түлік секторы өнімдерін қайта өңдеуге, энергияның жаңа түрлерін өндіруге және үй жануарларына арналған азық-түлік пен азық-түлік өнімдерін өндіруге баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібіндегі жетекші халықаралық қызмет көрсетуші болып табылады. Компания «Remondis» және «Rhenus Logistics» - пен бірге "Rethmann Group"отбасылық тобына кіреді.
«Bundesverband Deutscher Mittelstand e.V. (BM)» 1994 жылы құрылған және Германиядағы шағын және орта бизнестің мүдделерін тиімді білдіретін тәуелсіз бизнес қауымдастығы болып табылады. Қазіргі уақытта қауымдастық Германияның барлық салалары мен өңірлерінен 68 мыңға жуық кәсіпкерді, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және еркін кәсіп өкілдерін ұсынады.
Ганновердегі шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуге «Römermann Rechtsanwälte AG» компаниясының Басқарма төрағасы, «Bundesverband Deutscher Mittelstand» қауымдастығының президенті, профессор Фолькер Ремерманн, «RKA Versicherungsmakler GmbH» компаниясының басқарушы акционері (заң қызметтері), Қауымдастықтың басқарма төрағасы доктор Дитер Киндерманн, «J. A. Woll Handels GmbH» компаниясының басқарушы акционері (бөлшек сауда) Ральф Хартвих, «HS Gebäudedienstleistungen» (техникалық клининг қызметтері) компаниясының басқарушы директоры Сирри Хайдар, «Qubus Druckerei» компаниясының басқарушы акционері (полиграфиялық қызметтер, кітап басуға арналған химиялық құралдар өндірісі) Томас Квенсен және т. б. қатысты.