Елші Д.Кәріпов Берлинде тұратын қазақтардың «Мирас» атты қауымдастығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Елші Д.Кәріпов Берлинде тұратын қазақтардың «Мирас» атты қауымдастығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

БЕРЛИН, 2021 ж. 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Берлин қаласында  «Мирас» атты қазақтар қауымдастығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығында Берлин қаласында тұрып жатқан жас қазақ отбасыларының бастамасымен құрылған Қауымдастықтың қазіргі таңда 50-ден астам тұрақты мүшелері бар. Мұндағы басты мақсат – «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін және ата-бабаларымыздың мұрасын сақтау,  оларды жас ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар, қазақ мәдениетін, әдебиетін, қазақ тілін неміс қауымдастығы арасында ілгерілету.

Осы мақсатта Қазақстанның Берлиндегі Мәдениет орталығында  балаларға қазақ тілін оқыту, әртүрлі мәдени үйірмелер құру және еліміздің ұлы жазушыларына, ақындарына, ойшылдарына арналған шығармашылық кештер өктізу жоспарланған.