Елші Дәурен Кәріпов Нұр-Сұлтанда Қазақ-Неміс орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Елші Дәурен Кәріпов Нұр-Сұлтанда Қазақ-Неміс орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылғы 11 қыркүйек – бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Әлімбаевтің және Федералдық үкіметінің қоныс аударушылар және аз ұлттар істері жөніндегі өкілетті уәкілі, Германия Бундестагының депутаты Бернд Фабрициустың қатысуымен Қазақ-Неміс орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Рау, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов және Қазақстан мен Германияның елшілері Дәурен Кәріпов пен Моника Иверсен қатысты.

«Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының бастамасы бойынша 2019 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында Орталықты құру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақ-Неміс орталығының негізгі міндеті Қазақстандағы неміс этностарын біріктіру және жан-жақты қолдау, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Қазақ-Неміс орталығы өз шаңырағында барлық қазақ немістерін біріктіріп, байланыс орнатудың жаңа Орталығына айналады, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті сақтауға және халықтардың жақындасуына жан-жақты ықпал ететін болады.