
БЕРЛИН, 2021 жылғы 3 қыркүйек – 2021 жылғы 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланып отырған Берлин Еуразиялық клубының 32-отырысы қарсаңында Қазақстанның ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов оның қатысушыларының бірі, «Goldbeck Solar GmbH» компаниясының Басқарушы директоры Й.Голдбекпен кездесті.
Кездесу барысында баламалы энергетика саласындағы ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары және жаңартылатын энергия көздері саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Й.Голдбек Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі ұсыныстарының өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ, ол «жасыл» сутегі өндірісін ұйымдастыруға Қазақстанның барлық алғышарттары бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Й.Голдбек өзінің Қазақстандағы жеке оң жұмыс тәжірибесінің Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқысы келетін Герман компаниялары үшін көрнекі үлгі бола алатынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар Герман бизнес-делегациясының Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты пікір алмасты.
«Goldbeck Solar GmbH» компаниясы ЖЭК саласындағы бірнеше жобаларды іске асыруға инвестиция салды, соның ішінде Саран қаласында қуаты 100 МВт күн және Қарағанды облысы Шет ауданының Ағадыр кентінде қуаты 50 МВт электр станциялары. Жобалардың құны 137 млн. АҚШ доллары және 55 млн. АҚШ доллары құрады.