Елші Дәурен Кәріпов Магдебургте «BT Innovation» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Елші Дәурен Кәріпов Магдебургте «BT Innovation» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты

МАГДЕБУРГ, 2021 жылғы 1 қыркүйек – «BT Innovation» компаниясы басшылығының шақыруы бойынша ГФР-дағы ҚР Елшісі Д.Кәріпов Магдебург қаласында компанияның 30-жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында ол компания басшылары Феликс фон Лимбург пен Штефан Виттекті мерейтойымен құттықтап, кәсіби табыс тіледі. Ол сондай-ақ Саксония-Ангальт федералдық жері Парламентінің Вице-президенті Анна-Мари Кединг ханыммен, Саксония-Ангальт экономика, ғылым және цифрландыру министрлігінің Мемлекеттік хатшысы доктор Юрген Уде мырзамен, Магдебургтен Бундестаг депутаты Тино Зорге мырзамен (ХДО), сондай-ақ жер билік органдарының, компаниялар мен Магдебург қаласының сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында өңірлік ынтымақтастық, ГФР жерлері мен Қазақстан өңірлері арасында әріптестік байланыстар орнату, екі ел бизнесмендерінің қатысуымен іс-шаралар өткізу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«BT Innovation» германиялық компаниясы темірбетон конструкциялар зауыттарын салумен айналысады. 1991 жылы Феликс фон Лимбург жасаған. Компания серіктестерімен бірге Қазақстан аумағында бірқатар ірі нысандар, соның ішінде үй құрылысы комбинаттарын салды.