Елші Дәурен Кәріпов «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына арналған онлайн-конференцияға қатысты

Елші Дәурен Кәріпов «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына арналған онлайн-конференцияға қатысты

БЕРЛИН, 2021 жылғы 27 тамыз –Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Қазақстан-герман қоғамы, «Отандастар Қоры» КЕАҚ және Берлиндегі мәдени-іскерлік «Абай үйінің» қолдауымен ұйымдастырған «Невада-Семей азаматтық қозғалысы» атты бейнеконференцияда алғы сөз сөйледі.

Іс-шара барысында танымал қазақстандық ақын, қоғам қайраткері және «Невада-Семей» қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменов, «АТОМ» жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков және антиядролық қозғалыстардың басқа да белсенділерінің баяндамалары тыңдалды.

Өз сөзінде Елші Д.Кәріпов шын мәнінде ең алғашқы қазақстандық ҮЕҰ болып табылған «Невада-Семей» қозғалысының ҚР-дың антиядролық саясатын қалыптастырудағы және оны әлемдік деңгейде табысты алға тартудағы үлесіне тоқталды.

«Невада-Семей» қызметі туралы көптеген тарихи фактілердің ішінде қозғалыс белсенділерінің 1989 жылы ССП аумағындағы 11 жарылысты тоқтату жетістігі айрықша ерекшеленеді.

Кезекті талқылаулар аясында шақырылған сарапшылар дүниежүзілік қарусыздану процесіндегі тоқырау мәселесін және Қазақстанның антиядролық күн тәртібін қалыптастырудағы ерекше рөлін талқылады.