
БЕРЛИН, 2021 ж. 27 тамыз – Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Д.Карипов Svevind Group компаниясының Вице-президенті Рене Пфортемен кездесті.
Жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды жобаларында көп жылдық тәжірибесі бар Svevind Energu GmbH неміс компаниясы Қазақстанда жел мен күн энергиясынан 30 гигаватт қуат алатын жасыл сутегі зауытын салу жоспарын ұсынды.
Кездесу барысында ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі, Маңғыстау облысының әкімдігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған неміс делегациясының Маңғыстау облысына сапары аясында жоғарыда аталған жобаны іске асырудың егжей -тегжейі талқыланды.
Дипломатиялық миссия басшысы неміс компанияларының ұзақ мерзімді тәжірибесі мен өндірістің жоғары стандарты оларға Қазақстанда сутегі өндірісін оқшаулауға және одан әрі ЕО мен ҚХР нарығына шығуға кең мүмкіндіктер ашатынын баса айтты.