
ЭССЕН, БОНН, ДОРТМУНД, 2021 жылғы 25 тамыз – Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жеріне жұмыс сапары барысында ҚР ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «Deichmann SE» компаниясының Басқарушы кеңесінің төрағасы Генрих Дайхманнмен, «Deutsche Post AG» компаниясының халықаралық пошта және халықаралық қатынастар жөніндегі аға вице-президенті Томас Балдримен және «Redpath Deilmann» компаниясының Басқарушы директоры Йохен Грайнахермен кездесті, сондай-ақ жоғарыда аталған герман компанияларының штаб-пәтерлерінде болды.
Елші Д.Кәріпов бизнесті жүргізу шарттары мен ҚР-дағы қолайлы инвестициялық ахуалы, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс атқаруы және мемлекет пен шетелдік компаниялар арасында сенімді диалогы туралы хабардар етті. Екіжақты ынтымақтастық институттарының, оның ішінде Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесінің, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының, Берлин Еуразиялық клубының, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен Герман инвесторларымен ынтымақтастық жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобының жұмысына ерекше назар аударылды.
Елші Д.Кәріпов компания өкілдерін Р.Скляр мырзаның төрағалығымен өтетін Герман бизнесімен ай сайынғы онлайн-кездесулерге, сондай-ақ 2021 жылғы 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Берлин Еуразиялық Клубының кезекті 32-ші отырысына қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша германиялық компаниялардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және түрлі салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
«Deichmann» компаниясы бүкіл әлем бойынша 4 мыңнан астам филиалы бар аяқ киімнің жетекші ритейлерлерінің бірі болып табылады. «Deutsche Post DHL Group» - әлемдегі логистикалық қызметтің жетекші жеткізушісі. Компания хаттар мен посылкалардың ұлттық және халықаралық қызметтері, диалогтік маркетинг, аутсорсинг, пошта бизнесі үшін жүйелі шешімдер, экспресс-қызметтер, әуе тасымалдары, теңіз тасымалдары, еуропалық автокөлік тасымалдары, келісімшарттық логистика және т. б. бағыттар бойынша қызмет көрсетеді. «Redpath Deilmann» Дортмундтың бас кеңсесі әлемдегі тау-кен және туннель өндірісі саласындағы жетекші мамандандырылған кәсіпорындардың бірі болып табылады.