Қазақстанның Елшісі Д.Кәріпов Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жеріне сапары кезінде бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстанның Елшісі Д.Кәріпов Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жеріне сапары кезінде бірқатар кездесулер өткізді

ДЮССЕЛЬДОРФ, КЕЛЬН, 2021 жылғы 28 маусым – Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жеріне жұмыс сапары барысында Елші Д.Кәріпов аталған жердің Экономика, инновациялар, цифрландыру және энергетика министрі, профессор Андреас Пинквартпен және «DEUTZ AG» компаниясының басшылығымен кездесті.

А.Пинквартпен кездесу барысында сұхбаттың  басты тақырыбы ГФР-дың ірі өңірімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанның бір облысымен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, екі ел кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстар орнату, сондай-ақ Қазақстан және Германия университеттері арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Дипломатиялық өкілдіктің басшысы 2019 жылғы желтоқсанда және 2020 жылғы ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ГФР-ға жасаған іс-сапарларының нәтижесінде қосымша серпін алған Қазақстан-Германия ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Елші қазақстандық тараптың Солтүстік Рейн-Вестфалия компанияларымен ынтымақтастығы және олардың қатысуымен ҚР-да жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша герман Тарапы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және түрлі салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Солтүстік Рейн-Вестфалия – ең көп қоныстанған (17,9 миллион адам), елдің саяси және экономикалық орталығы ретінде қарастырылатын федералдық жер. Жердің жалпы ішкі өнімі 711,4 млрд. еуроны құрайды.

Сол күні «DEUTZ AG» компаниясының Басқарма мүшесі Михаэль Велленцонмен кездесу өтті. Ынтымақтастық мәселелерін талқылау аясында Елші бизнесті жүргізу шарттары мен ҚР-да қолайлы инвестициялық ахуал құру, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс атқаруы және мемлекет пен шетелдік компаниялар арасында сенімді диалогты дамыту туралы хабардар етті. Екіжақты ынтымақтастық институттарының, оның ішінде Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесінің, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының, Берлин Еуразиялық клубының, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен  Герман инвесторларымен ынтымақтастық жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобының кәсібіне ерекше назар аударылды.

«Deutz AG» инновациялық  жүйелердің әлемдік жетекші өндірушілерінің бірі болып табылады. Компания дизельді, газды және электрлендірілген қозғалтқыштарды әзірлеу, өндіру, сату және қызмет көрсету кәсіптерімен айналысады.