
БЕРЛИН, 2021 ж. 28 маусым – бүгін неміс бизнесімен кезекті 12-ші онлайн-кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесе Герман экономикасының Шығыс комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара «Цифрлық трансформация мүмкіндіктерін кеңейту - бірлескен жобалардың өсу драйвері» атты тақырып аясында өткізілді. Онлайн-отырысқа Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарының басшылары, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі қазақстандық және германиялық жетекші компаниялар, ұлттық компаниялар мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Неміс қатысушыларының арасында Фраунгофер институтының, LANXESS, Schaeffler, Achenbach Buschhütten, Deutsche Bahn, Gigaset, SAP, DMT, John Deer Walldorf, Kuehne + Nagel, MULTIVAC Sepp Haggenmüller және т.б компаниялардың жетекшілері болды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының атынан ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Жамбакин, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Д.Щеглова, «QazIndustry» Қазақстандық өнеркәсіп және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Б.Бекенов, «Astana Hub» Бас директоры М.Мадиев сөз сөйледі.
Германия тарапының спикерлері ретінде Ресейдегі, Орталық Азия және Белоруссиядағы “Сименс” компаниясының Президенті және Бас директоры, доктор А.Либеров, «Baumüller Group»- Бас директоры А.Баумюллер және WILO SE Operational Excellence тобының өндірістік жүйелері бойынша сарапшысы, доктор К.Вайснер және т.б. таныстырылды.
Іс-шара шеңберінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қадамдарын, халыққа қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, көлік және тау-кен металлургия салаларында цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ экономика салаларын цифрлық трансформациялау бойынша неміс бизнесімен бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде «Индустрия 4.0» элементтерін қолданатын қазақстандық кәсіпорындарды технологиялық қайта жасақтандыру мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында аймақтағы ірі ІТ-стартаптардың халықаралық технологиялық паркі – Astana Hub кәсібіне ерекше назар аударылды. Нақтылап айтқанда, Astana Hub- та салық, еңбек және визалық жеңілдіктер алуға жағдай жасалғаны және 500-ден астам стартаптар мен 25 ғылыми-зерттеу орталықтардың зертханалары жұмыс істейтіні баяндалды.