
БЕРЛИН, 2021 жылғы 25 маусым – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кəріпов Германия Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық жөніндегі жаңа Уәкілі Маттиас Лютенбергпен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында екіжақты күн тәртібіндегі саяси, сауда-инвестициялық және білім салаларына қатысты өзара қарым-қатынастардың басым бағыттары қаралды. М.Лютенберг өз тарапынан Қазақстанды Германияның Орта Азия өңіріндегі маңызды серіктесі деп атай отырып, халықаралық ұйымдардағы неміс тарапының бастамаларына, сондай-ақ ОА үшін ЕО-ның жаңартылған стратегиясы жүйесі мен «Жасыл Орта Азия» экологиялық жобасы аясында қолдау көрсеткені үшін біздің елге алғысын білдірді.