Елші Д.Кәріпов «Vion Food Group» компаниясының басшылығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Елші Д.Кәріпов «Vion Food Group» компаниясының басшылығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

БУХЛОЕ, 2021 ж. 17 маусым – Бавария федералдық жеріне жұмыс сапары барысында ҚР ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «Vion Food Group» компаниясының германиялық штаб-пәтеріне барды.

Компанияның Басқарма мүшесі, «Vion Beef» Бас директоры Дэвид Де Камппен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен компанияның қазақстандық нарығында болуын кеңейту мүмкіндіктері, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Елші Д.Кәріпов ҚР мен ГФР арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері, инвесторларды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалары, экономиканың инвестициялық әлеуеті бар секторлары туралы хабарлады. Д.Кәріпов Қазақстанда шетелдік инвесторларға ерекше назар аударылатынын және оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы және 2020 жылғы ақпан айындағы ГФР-ға ресми сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға, соның ішінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен герман инвесторларымен жұмыс істеу жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобын құруға тоқталды.

Компания басшылығы қазақстандық тарап ұсынып жатқан екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен инвестициялық жағдайға, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар шеңберінде, қызығушылықтарын білдіріп, елімізде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін қарастыруға дайын екендігін растады.

«Vion Food Group» - халықаралық азық-түлік концерні, азық-түлік өнімдерінің әлемдік өндірушісі болып табылады және жоғары сапалы тамақ өнімдері мен адамдар мен жануарларға арналған ингредиенттер саласында белсенді қатысады.