
ХЕРЦОГЕНАУРАХ, НЮРНБЕРГ, 2021 ж. 16 маусым – Бавария федералдық жеріне жұмыс сапары барысында ҚР ГФР-дағы Елшісі Д. Кәріпов «adidas AG» компаниясының Басқарма Төрағасы Каспер Рорсштедпен және «Baumüller Gruppe» компаниясының Басқарушы директоры Андреас Баумюллермен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында Д.Кәріпов Қазақстан экономикасын жаңғырту, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, шетелдік инвестицияларды тарту, технологиялар трансферті бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Елші ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы және 2020 жылғы ақпандағы ГФР-ға жасаған екі ресми сапарының қорытындыларын cогдай-ақ, ҚР мен ГФР арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге қосымша серпін бергендігін атап өтті. Өткізілген сапарлар нәтижелерінің бірі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен германиялық инвесторлармен жұмыс жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобын құру болды.
Компания басшылары елдер арасындағы түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың, бизнес өкілдері арасында тікелей байланыстар орнатудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ҚР аумағында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерттеуге қызығушылық білдірді.
«adidas AG» басшылығымен кездесу соңында ҚР ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «Worlds of Sport» компаниясының бас офисіне барды, оның аумағында жалпы ауданы 52 мың шаршы метр болатын футбол стадионы, теннис корттары, баскетбол және волейбол алаңдары және т. б. бар. Сонымен қатар, Д.Кәріпов «Baumüller Gruppe» компаниясының өндірістік алаңы мен оқу орталығында болып, компания кәсіпорындарында шығарылатын өнімдердің ассортиментімен танысты.
«adidas AG» екі негізгі брендімен «adidas» және «Reebok» әлемдегі спорт тауарларының екінші ірі өндірушісі болып саналады және әйгілі спортшылар, спорт командалары және халықаралық спорттық іс-шаралар үшін маңызды құрал-жабдықтар жеткізушісі ретінде танымал. «Baumüller Gruppe» өнеркәсіп үшін электр жетектері мен автоматтандыру жүйелерінің жетекші өндірушісі болып табылады. Қазіргі уақытта Германия, Чехия, Словения және Қытайда 6 өндірістік алаңы бар.