ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Еуропарламенттің Вице-президентімен онлайн-әңгімелесу өткізді

ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Еуропарламенттің Вице-президентімен онлайн-әңгімелесу өткізді

БЕРЛИН / БРЮССЕЛЬ, 31 мамыр 2021 жыл – Қазақстандық тараптың бастамасымен ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Карипов пен Еуропалық парламенттің Вице-президенті, Германияның Еркін демократиялық партиясы Төрағасының орынбасары Никола Беермен бейнебаланысу арқылы сұхбаттасты.

Әңгімелесу барысында Қазақстанның Германиямен және еуропалық институттармен саяси және экономикалық байланыстардың өзекті мәселелері, сондай-ақ біздің еліміздегі реформалардың жүзеге асырылуы талқыланды.