
БЕРЛИН, 2021 жылғы 19 мамыр – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Бундестагтың депутаты және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Германия делегациясының басшысы Дорис Барнеттпен (Германия Социал-демократиялық партиясы) кездесу өткізді.
Кездесу барысында қазақ-герман парламентаралық қатынастарына, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.