БЕРЛИН, 2021 жылғы 8-9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 76-жылдығынтойлау аясында ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов және Елшілік жанындағы әскери атташе аппараты Қызыл Әскер жауынгерлеріне арналған ескерткіш кешеніндегі әскери зиратқа, Берлиннің Трептов паркіндегі «Азат етуші жауынгер» ескерткішіне және Тиргартендегі қаза тапқан кеңестік жауынгерлер мемориалына гүл шоқтарын қою салтанатына қатысты.
Салтанатты іс-шаралар COVID-19 індетінің таралуын болдырмау мақсатында қабылданған жергілікті шектеу шараларын сақтай отырып, дәстүрлі түрде бұрынғы КСРО мен антигитлерлік коалияцияға қатысушы мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері басшыларының қатысуымен өтті.